16.03.2017
«Отандық құс шаруашылығы қайта дамып келеді. Биыл құс етінің жалпы өндірісі 203,0 мың тоннаны құрайды деп күтіледі, соның ішінде құс фабрикалары 193 мың тонна құс етін, 6,0 млрд дана тауарлық жұмыртқа, соның ішінде құс фабрикалары бөдене жұмыртқасын есепке алмағанда 5,1 млрд дана өндірмек», - деді Р. Шәріпов.
Одақ басшысы атап өткендей, соңғы жылдары мемлекеттік қолдау көлемдері 18 есе ұлғайған. Бұл қолдау құс шаруашылықтары санының ұлғаюына да ықпал етті.
«Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 4,6 мың тонна құс етін құрайтын Әулие Ата Феникс бройлерлік құс фабрикасы және қуаттылығы жылына 24,0 млн жұмыртқаны құрайтын Аса Даму құс фабрикасы іске қосылды, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жуық арада - «Есіл» құс фабрикасы, Ақмола облысында - «Агроинвест 2015» өз жұмысын бастамақ. Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдан бастап «Бес Қара» жұмыртқа құс фабрикасы жұмыс істеп келеді», - деді ол.
Сондай-ақ биыл 2017 жылғы 20 шілдеде Астанада өтетін 6-шы Халықаралық құс өсірушілер форумы өтетіні белгілі болды.
Дүниежүзілік жұмыртқа күнін атап өту қарсаңында Құс өсірушілер одағының бастамасы бойынша әр төрт жыл сайын Астанадағы Шапағат базарында құс шаруашылығы өнімі жәрмеңкесі өтетінін атап өту қажет.
Ақбота Күзекбай