15.03.2017
Жоғарғы білім берудің елдік шолуы қазақстандық ЖОО-лар үшін алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ, 2007 жылы елде біріншісі жарияланған болатын. Елдік бейнені ең алдымен сапа мен теңдік, жоғарғы білімнің қаржыландырылуы құрайды.
«Бейнені Аустралия, АҚШ, Канада,Франция және өзге елдер жүргізді. Жалпы, 7 адам 21 ЖОО-ны аралады. Оның ішінде мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары бар. Зерттеу 6 негізгі блок бойынша өткізілді: қолжетімділік, сапа, басқару, қаржыландыру, білім берудің интернационализмі мен ықпалдасуы, ғылым және инновация», - деді Светлана Исмагулова.
Ұсынымдар ЖОО-лардың дербестігін кеңейтіп, жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Осының аясында, ЖОО-лар жеке меншік білім беру бағдарламаларын әзірлеуі керек, ол еңбек нарығының қажеттілігіне жауап беруі керек.
Ақбота Күзекбай