• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Міндетті  және ерікті сақтандырудың  айырмашылығы қандай? (ВИДЕО) 14.03.2017

«Міндетті – демек барлығына міндеттеледі, ерікті – таңдау бойынша, бұл таңдауды қазір Қазақстан халқының  3,5 пайызы жасап отыр, бұл аз көрсеткіш. Екі сақтандыру арасындағы айырмашылық баршылық, міндеттіде – медициналық көмектің бірыңғай топтамасы бар, ол барлық халыққа бағытталған. Ал, ерікті сақтандыруда аталмыш  бірыңғай топтама жеке –жеке тапсырылады. Жеке меншік сақтандыруда лимит сомасы бар, бұл қызмет міндетті сақтандыруда кездеспейді», - деді  Г. Кацявичюс.

Литвалық сарапшының айтуынша, сақтандыру шығыны міндетті сақтандыруда  10 млн адам төлем салмайды,  олар үшін мемлекет қаржы бөледі. Өзгелері өз кірістерінен салым салады, себебі жеке меншік сақтандырудың  салым деңгейі жоғары.

«Тағы бір айырмашылық жеке меншік сақтандыруда  әкімшілік шығын бөлігі айтарлықтай жоғары, міндетті сақтандыруда МӘМС  қорын құрудағы сыйақы шығыны  1 пайыз құрамында болмақ», - деді Г. Кацявичюс.

Негізгі  айырмашылықтардан бөлек, жаңа жүйеде  міндетті және ерікті сақтандыру үйлесім табады.

«Міндетті сақтандыру – халықты медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі механизмі, ерікті сақтандыру – қосымша механизм. Олар өзара «достаса» алады. Ол үшін  міндетті сақтандыру мен ерікті сақтандыру арасындағы топтаманы нақтылап ажыратып алған жөн», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Арман Мұхатов


Back to the list