13.03.2017
«Қандай да бір елге барған кезде сізге ерікті сақтандыруды сатып алуға тура келеді. Алайда, болашақта бұл өзгеруі мүмкін. Бізде міндетті медициналық сақтандырудың еуропалық карточкасы бар, осы карточкамен Еуропалық одақ аумағында тегін жедел көмек алуға болады. Сіздерде де осыған ұқсас жүйе құрылмақ, сондықтан болашақта сіздер де осындай карточкаларды пайдалануыңыз әбден мүмкін», – деді Г. Кацявичюс.
Сондай-ақ ол Қазақстанның барлық азаматтарында МӘМС болуы тиіс екенін атап өтті.
«Қазақстанның барлық тұрақты тұрғындарының МӘМС аясында медициналық көмекке құқықтары да және міндеттері де болмақ. Бұл барлығына қатысты және барлық халық осы жүйеге қатысуға міндетті, себебі барлығы қатысқан кезде олар өз үлесін қосады. Бұл жағдайда ақшаны көбірек жинап, қазіргі уақытта көмекке мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсету ақысын төлеуге болады, сол себепті де бұл міндетті сақтандыру болып табылады. Әрине, білмеген немесе басқа да себептерге байланысты жүйеге қатыспаған адамдар кепілдік берілген мемлекеттік көмек аясында медициналық көмек алу мүмкіндігін шектейді. Оларға ақылы қызметтерді пайдалануға тура келеді», – деп қорытындылады Г. Кацявичюс.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов