24.02.2017
«Министрлік 300 ауылды оптикалық-талшықты байланыс желісімен жабдықтауды жүзеге асыруға көшті, ол 2 млн адамды кең ауқымды интернетпен қамтамасыз етеді. Жобаны 2020 жылға дейін мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асыру көзделген», - деді Д.Абаев.
Ол айтып өткендей, «ЭКСПО-2017» аясындағы нысандардың бірі көрме аяқталған соң |Т-стартаптардың халықаралық технопарк құру мақсатында қолданылады.
«Биылғы жылы Ақпарат және коммуникация министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемқызметтерді Мемкорпорацияға тапсырады. 2017 жылдың соңына дейін Мемкорпорация арқылы қызмет көрсету үлесін 85 пайызға жеткізу көзделген», - деді министр.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев биылғы жылдың 1 тоқсанында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
«Халықты мемлекеттік қызметпен қамту үшін 1 тоқсанда Казпочтаның ауылдық бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда», - деді Д.Абаев.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Шыңғыс Қаппаров