22.02.2017
«Меніңше, ол үшін барлық жағдайлар жасалады. Қор жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектің тізімін кеңейтуге мүдделі. Ал ол үшін аталмыш дәрілерді арзан бағаға сатып алатын орындар керек. Қор мен Денсаулық сақтау минпистрлігі дәрілердің арзандауына жұмыс істейтін болады», - деді шетелдік сарапшы.
Оның айтуынша, дәрі-дәрмек бағасының төмендеуі ішкі қазақстандық фармацевтикалық өнімнің дамуына қатысты болады.
«Белгілі болғандай, қазір Қазақстанда жүзеге асырылатын дәрі-дәрмек көлемінің 70 пайызын қымбат емес қазақстандық дәрілер құраса, 30 пайызын қымбат импорттық дәрі құрайды. Бұл үрдіс те қазақстандық фармацевтиканың дамуына қатысты болады», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Арман Мұхатов