• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жаңғыру 2.0: Қазақстан қалыптасуының маңызды кезеңдері (ШОЛУ) 13.02.2017

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары  егемен елді құру үшін күрделі жолды кешіп өтті. Сәтті дипломатия мен сыртқы  саясат  егемендік пен елдің мемлекеттілік біртұтастығын қалыптастырды.

«Қазақстан-2030» Стратегиясы  елдің болашағы үшін бекітілген мақсаттар бойынша алғашқы қадамын жасады.

Экономика эволюциясы мен қаржы дағдарысын  өткеру

1998 жылы  барлық әлем бойынша қаржылық толқулар басталды. Қазақстанда ұлттық банк  жүйесін, тұтынушылар мен шаруашылық субъектілерін   қорғау  шаралары қалыптасып жатты.Үкіметтің уақытында қабылдаған шараларының  нәтижесінде  1998 жылы инфляция  мен экономика сақталып қалып,  тұрақтана бастады. Саяси және әлеуметтік-экономикалық салада  реформа қарқыны артты.

1998 жылдың  1 қаңтарынан бастап   зейнетақы реформасы басталып, мемлекеттің маңызды  әлеуметтік қызметі  жеке меншікке беріліп,  зейнетақы жинағы пайда болады.

Оған қоса, мемлекет зейнеткерліктің жасын ұлғайтады.  Әйелдерге арналған  55 жас пен еркектерге арналған 60 жас,  58 және  63-ке көтеріледі.

Елбасының ең нақты әрі тағдыршешті шешімі астананы Алматыдан Астанаға көшіру болды.   1998 жылы  Ақмола  қаласында  жаңа астананың құрылысы басталды.  1999 жылы  ЮНЕСКО Астанаға  «Әлем қаласы» атағын берді.

1998 жылдың сәуірінде Үкімет «Көгілдір фишкалар»  жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.

Нарықтық экономикаға бағытталған  жаңа заңнаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты.

Ұлттық валюта құнсыздануының бес кезеңі

Айта кетерлігі, Девальвация деген бұрын онша таныс емес сөзді елдің бәрі жаттап, нағыз жақын танысқан тұсы — 1999 жыл. Тамыз айында жағдай реттеліп, 1 АҚШ доллары 130-135 теңге деңгейінде тұрақталды.

Еске алатын болсақ,  теңгенің арғы-бергі тарихтағы ең құнды кезі 1993 жылы тіркелді: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгені құрады! Ұлттық валюта күні болып белгіленген 15 қарашадан бастап бір жарым ай шамасындағы уақыт ішінде осы бағам сақталып тұрды. 1994 жылдың қаңтарында теңге 10 есеге жуық қымбаттап кетті. Алайда, жылдам өткендіктен, елде доллар аз болғандықтан, әрі жаңа ақшаға бәрі бірдей үйреніп үлгермегендіктен, бұл девальвацияның ауыртпалығын халық сезіне қойған жоқ.

2009 жылдың 4 ақпанын көп адам ұмыта қойған жоқ шығар. Қаржысын теңгемен ұстағандар 25%-ға бір сәтте кедейленіп қалды. 4 ақпан күні бірнеше сағаттың ішінде айырбас пункттеріндегі доллар құны 120 теңгеден 170-ке бір-ақ көтеріліп барып, 150 теңге деңгейіне қайта түсіп, тұрақталды.

Экономика өсімінің ілгерілемелі кезеңі

Бұл кезеңде Қазақстанның ЖІӨ  орташа есеппен  9-10 пайызға жоғарылады.  2003 жылы «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» кешендік стратегия дайындалды.

Экономиканың жаңғыруы мен қайта құрылуы кезеңі

2000 жыл Қазақстанға қолайлы жағдайлар тудырды.  2000 жылдан бастап  2010 жылдар аралығында  бюджеттік дағдарыс нақтыланды.  Мемлекетте әлеуметтік-экономикалық салаларда мультипликативтік әсер туа бастады.

Бірінші кезеңде (2010-2014 жж) отандық экономиканың  үдемелі әртараптануы жеті кезеңнен тұрды. Олардың ішінде экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту; , индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру, экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру, экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету кезеңдері бар.

Екінші кезеңде   (2015-2019 жж)  экономика әртараптануының  негізгі бағыты ҚР үдемелі  инновациялық  индустриялды даму мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы  бойынша анықталады.

Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторлары: негізгі салалардың қарқындап дамуы – мұнайгаз саласы,  тау-кен өндіру саласы,  металлургиялық өнеркәсіп, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы.  2009-2010 жылдары  бұл салаларға   өнім шығарудың  86 пайызы тиесілі болды. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі  48,4 пайызды құрады.

Қазақстан  20 жыл ішінде   нәтижелі инвестициялық саясатты  жүзеге асыра алды.  Стратегиялық  инвестициялық  бағыт орнатылды, нақты инвестициялық саясат жүргізіліп,  бекітілген  келісімдердің трақтылығы байқалды. Қорытындысында Тәуелсіздік жылдары экономикаға құйылған шетелдік инвестиция саны  131,9 млрд долларды құрады.

Атап айтсақ, тәуелсіздік жылдары барлық тапсырмалардың шешімі шығарылды.  Қазір елдегі жұмыссыздық деңгейі  4 пайыз деңгейінде тұр.  Бірінші жаңғыру кезінде болған  өңірлік айырмашылықтар жоқтың қасы. Тәуелсіздік жылдары басқа ел тұрғызылғаны айдан анық. Ол тұрғындарға жаңа жағдай ұсынған, халықаралық аренада өз орнын тапқан гүлденген мемлекет. Болашақта елді үшінші жаңғыру күтіп тұр, ол «болашақ экономикасын» дамыту үстінде. Қазақстан тәуелсіздік жылдарындағы өзінің жетістігімен  мақтана алады. Егер  25 жылда осындай жетістікке жетсек,  болашақта  елдің әлеуетін арттырып,  жаңа жетістіктерге шығуға мүмкіндік зор.

Кайрат Жандыбаев


Back to the list