10.02.2017
Талқылауға мемлекеттік талдау құрылымдарының, қоғамдық қорлардың және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуде сарапшылар Жолдаудың маңызды мәселелерімен қатар, билік тармақтарының, орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы да өз ойларымен бөлісті. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сарапшылар мәслихаттар өкілдік және құқық қалыптастырушы міндеттерін толық көлемде атқара отырып, өздерінің жергілікті жерлерді басқаруға белсенді атсалысуы керек екеніне келісті. Бұл олардың қызметін қалыптастыруға, өкілеттіктері мен қызмет ресурстарына талаптарды айғақтайды. Сондықтан Қоғамдық кеңестердің жұмыс тәжірибесін зерделеу және ең тиімді үлгілерін өнеге ретінде тарату ұсынылды.
Сарапшылар пікірсайыс барысында Парламенттің өкілеттігін күшейту, депутаттар мен фракциялардың заңнамалық бастамаларын талдауды қамтамасыз ету, үкімет заң жобаларына құқықтық сараптама жасау жөнінде нақты ұсыныстар түсті. Сарапшылар қабылданған заңдарды іске асыруға жұртшылықты тартуда ауқымды түсіндіру жұмыстарын қолға алудың, сондай-ақ мониторинг жүргізудің қажеттігіне назар аударды.