10.02.2017
Жоғарғы сот хабарлағандай, өңірде 32 жас судья қызмет етеді, солардың ішінде 23 судьяның еңбек өтілі екі жылдан төмен.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндірді.
Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов сотта екі жылдай қызмет атқарған облыстың жас судьяларымен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге жас судьялардың тәлімгерлері мен кураторлары қатысты.
М.Бектұрғанов кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндірді. «Президент сот жүйесі қауымдастығының алдына сот жүйесіне деген сенімді арттыру тапсырмасын қойды және судьялар қойылған тапсырманы жүзеге асыруға кірісіп кетті» - деді.
«Жас судья судья әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтап, кәсіби білімін үнемі көтеріп, шыңдап отыруы қажет», - деді Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов.
Облыстық сот төрағасы сот жұмысының көрсеткіштеріне баға беріп, жас судьялардың қызмет сапасы туралы айтып, сот төрелігін жүзеге асырудағы кейбір күрделі мәселелерге тоқталып, өткен жыл қорытындысы бойынша әр судьяға қатысты статистикалық мәліметтерді атап, жас судьяның судья әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтап, кәсіби білімін үнемі көтеріп, шыңдап отыру қажеттігін атап өтті.
Тәлімгерлерге жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсетіп, олармен әңгіме өткізіп отыруды тапсырды.Жас судьялар өздерін қызықтарған сұрақтарға жауап алды.