• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Үшінші жаңғыру Қазақстанның болашақ экономикалық дамуы үшін стимул болуға арналған – елші 10.02.2017

Брифингте Ү. Сүлеймен сингапурлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық-саяси, ғылыми, іскерлік топтар мен БАҚ өкілдеріне, ҚР конституциялық реформаларын және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп өтті.

«Президент Н. Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде экономикасы күшті, мықты саяси жүйесі мен біріккен көпұлтты қоғамы бар мемлекет ретінде қалыптасты, бұл елімізге әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Қазақстанның Сингапурдағы елшісі.

Қазақстандық дипломат Президент мәлімдеген конституциялық реформа демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайту және мемлекеттің даму әлеуетін өсіру ісінде ілгері басқан елеулі қадам болуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі басымдықтарына ерекше көңіл бөлінді.

Ү. Сүлеймен өсіп келе жатқан жаһандық экономикалық бәсекелестік жағдайларында Президент ұсынған үшінші жаңғыру атты экономикалық өсу моделі Қазақстанға экономиканың орташа әлемдік көрсеткіштерден жоғары деңгейге өсуін және дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуді қамтамасыз ететін уақтылы жасалған қадам болып табылатынын, сондай-ақ еліміздің болашақ экономикалық дамуы үшін маңызды стимул болуға арналғанын айтты.


Back to the list