• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
М. Құл-Мұхаммед: өңірлердегі АЭА - заманауи өндіріс деңгейіне көшудің аса тиімді жолы 09.02.2017

Арнайы экономикалық аймақта орналасқан қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыттың жұмысшыларымен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде бастау алған Үшінші жаңғыртудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік жылдарында бизнестің аяққа тұруы мен дамуы үшін барлық жағдай жасалды. Енді оған технологиялық жаңғырту жүргізу керек» деген сөздерін еске салды.   Партия төрағасының бірінші орынбасары Елбасының отандық экономиканы дамыту үшін кәсіпкерліктің ерекше роль атқаратыны туралы үнемі айтатынын еске салды

"Павлодардағы арнайы экономикалық аймақ секілді алаңдар біздің экономикамыздың жаһандық бәсекелестікке қауқарлығын арттыруға бағытталған заманауи өндіріс деңгейіне көшудің аса тиімді жолы", - деп қорытынды жасады ол.
Мұхтар Құл-Мұхаммед үй құрылысы комбинатында да болды. Комбинат 80-ші жылдардан қалған ескі цехтың орнында құрылған. Өндіріс ұзақ уақыт шалажансар қалыпта тұрды. 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде зауытта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, темір мен бетоннан жасалған құрамалар мен үй құрылысында қажетті басқа да бұйымар шығарыла бастады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 80 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайды. Зауыттың потенциалы аса жоғары. Кәсіпорын басшылығы Қазақстанның үшінші жаңғыруы шеңберінде бұл секторға жаңа инвестициялар тартылып, отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады деп үміттенеді. Мұхтар Құл-Мұхаммед зауыт жұмысшыларына Елбасының жолдауында қазақстандық зауыттарды дамыту мәселесі туралы айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол заман ағымымен бірге  дамып, экспортқа бағытталған өнім шығара алатын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау кең көлемде жүргізілетінін айтты.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық өңірлерге нақты міндеттер жүктелгені туралы айтып, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына Мемлекет басшысының тапсырмаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алып, оларды аймақ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетін жүктеді.

 


Back to the list