• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжіліс депутаттары Жолдау басымдықтары туралы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді 07.02.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамбыл Ахметбеков, Бақытгүл Хаменова, Геннадий Шиповских, Марат Бопазов Атырау облысына жұмыс сапары барысында "БАТЫС" өңірлік командования штабында әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті.

Әскери қызметшілермен әңгімелесу барысында, депутаттар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын талқылап, ондағы әлеуметтік қамтамасыз ету бағытын түсіндірді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 20 пайызға көтерілетінін, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа әдістемесі енгізілетіндігіне тоқталды. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі маңызды мәселелерді айтып өтті.

Өз кезегінде сөз алған әскери қызметшілер Президент Жолдауын қолдайтындықтарын, елде жүргізілетін реформаларды талқылауға атсалысатындықтарын айтып, оң нәтиже күтетіндіктерін жеткізді.
Депутаттардың жұмыс тобының басты мақсаты – Президент жолдауын түсіндіру. Мәжілісмендер Тайынша ауданының тұрғындармен кездесті және Ясная поляна селосында «Тайынша Астық» ЖШС жұмысымен танысты. Әлеуметтік сала қызметкерлерімен Тайынша орталық аудандық ауруханасында кездесуде «нұротандықтар» білім беру және денсаулық сақтау салаларының дамуындағы Жолдаудың негізгі ережелері туралы айтты.

"Экономикалық өсу жаңа моделінің орталық буыны білім болуы тиіс. Осы жылдан бастап ерекше назар IT-білімді, қаржылық сауаттылығын қалыптастыруына, отаншылдық тәрбиелеуіне аударылатын болады. Қазақстан үш тілде білім беруге кезең-кезеңімен ауысатын болады. Басымдықта қазақ тілін дамыту болады. Сонымен қатар, ағылшын тілі, бұл жаңа технологиялардың, жаңа экономиканың тілі, - деп атап өтті мәжілісмен Абай Тасболатов. Енді жастардың тегін кәсіби-техникалық білім алуға мүмкіндігі болады"- деп атап өтті.

Депутаттың айтуынша, бұл жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен жастарды қамту, соңдай-ақ кәсіптік білімі жоқ еңбекке жарамды жастағы адамдарды тарту болуы тиіс. Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы да айтты. Атап айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу тақырыбы қозғалды. Қатысушылардың пікірінше, жүйенің басты артықшылығы – медициналық қызмет көрсетуінің кең спектрі.

" Жүйені енгізумен мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарының тең жағдайлары болады. Бұл бәсекелестікті дамыту үшін жақсы болады. Жақын болашақта демографиялық өсуден медициналық қызметтеріне қажеттілік деңгейі өседі. Бұны бірінші кезекте ескеру керек. Оның үстіне, медициналық көмегінің қолжетімділік деңгейі артады, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кеңейеді", - деп баса айтты Абай Тасболатов.

Содан кейін, ақпараттық-насихаттау тобының мұшелері Ясная поляна селосының тұрғындарымен кездесті. Әңгіме барысында мәжілісмендер агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың, индустрияландырудың, экологиялық таза азық-түлік өндірісінің және шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік субсидиялар өсуінің мәселелерін қозғады. Тайынша ауданына бару «Тайынша Астық» ЖШС танысумен аяқталды. Кәсіпорын картоп, дәнді, майлы және жемшөп дақылдарын өсірумен, сондай-ақ сүт және ет мал шаруашылығымен айналысады.
 


Back to the list