• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының реформаларын халық оңтайлы қабылдауда – сарапшы 07.02.2017

«Елбасының конституциялық реформалар туралы Үндеуі елді жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің қайта бөлінуі мемлекеттік басқару жүйесінің жақ­саруына ықпалын тигізеді. Егер Конституцияның жаңа жобасы қабылданатын болса Қазақстан жартылай парламенттік басқару жүйесіне өтпек. Мұндай жаңа бағыт ел мен мемлекетке зор пайда әкеледі деп ойлаймын», - деді Е.Сергебаев.

Мемлекет басшысының ұсынысы қолдау тапса, Премьердің құзыреті күшейіп, министрлерді де тағайындайтын құқыққа ие болады. Ал, ұлттық қауіпсіздік, ішкі-сыртқы саясат та назардан тыс қалмақ емес. Бұл саланы бақылауында ұстайтын Елбасы Сыртқы істер мен Қорғаныс министрін де өзі тағайын­дайды. Яғни, Үкімет Мәжіліс сайлауынан кейін тегіс отставкаға кетеді.

Қысқасы, министрлер заң шығарушы органға есепті болып, жұмысы жайында үнемі есеп беріп отырады. Бұл Үндеуді жетісулықтар, соның ішінде қапшағайлықтар жақсы қабылдап, өздерінің оң бағасын беруде. Мұндай жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуына, қанатын кеңге жайып өркендеуіне өз септігін тигізеді деп толық сеніммен айтуға болады.

 

 


Back to the list