• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Биылғы Жолдауда  алда   атқарылатын жұмыстардың  бағыты көрсетілген – әкім 03.02.2017

Болат Бақауов Мемлекет Басшысының Жолдауындағы әр басымдық бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Бірінші басымдық – экономиканы жедел түрде технологиялық жаңғырту. Еліміз бойынша заманауи ІТ-технологиялардың қолдануымен «Сандық Қазақстан» бағдарламасы құрылады. Біз 2020 жылға дейін облысымыздың елді мекендерін кезең-кезеңмен оптикалық-талшықты желіге қосу бойынша ұсыныстар әзірлеуіміз керек. Сонымен қатар, облыстың ғылыми және инновациялық секторын дамыту бойынша нақты жоспар құрылып, ЖОО-ң базасында ғылыми-инновациялық потенциалын дамыту бойынша жұмысты күшейтуіміз керек. Біздің аймағымызда ол үшін барлық жағдай жасалған – екі Start-up академия, ғылыми-техникалық орталық бар», - деді Б.Бақауов.

Мемлекет Басшысы өз жолдауында атап өткендей Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу дамуымыздың негізгі факторы болуы қажет. Екіншіден, бәсекеге қабілетті өндіріс ошақтарын дамытуды қолға алу керек.  Экспортерлерді қолдау жүйесі «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Елбасының тапсырмасы бойынша 1-ші қыркүйекке дейін екі бірдей жаңа  Стратегия құрылады. Олар: бірыңғай экспорттық және инвестициялық стратегиялар.

«Біздің облысымыз, әлемнің 70-тен астам елімен сауда жүргізетін индустриалды аймақ ретінде әлемдік және өңірлік нарықтағы экспорттық әлеуетін арттыруы қажет.  Аймағымызға шетелдік инвестицияларды тартуға баса назар аударылатын болады. Біздің аймағымыз үшін бұл бағытта бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын жүзеге асырудың мүмкіндіктері зор», - деді облыс әкімі.

Төртіншіден, Елбасы атап өткендей аграрлық сектор біздің экономикамыздың көшбасшысына айналуы қажет. Ол үшін субсидияларды бөлу қағидаттары қайта қаралып, түскен өнімді сақтандыруға көшу және ауылдық тұтынушылар коопеартивтерін құру жұмысын жалғастыруымыз қажет.

Аграрлық саланы дамытудың басты шарты ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, оларды сақтау, тасымалдау және сатылымға шығарудың оңтайлы жүйесін болып табылады.  Еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру және өндірістік шығындарды азайту бойынша тұрған міндеттерді орындауымыз керек. Барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жердің тиімді және оңтайлы пайдаланылуын қадағалау болып қала береді.

«Елбасы біздің алдымызға суармалы егістік алқаптарының көлемін арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді. Ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктерін аграрлық секторда пайдалану да зор басымдыққа ие. Алға қойылған міндеттерді есепке ала отырып, жақын арада облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында АӨК дамыту жоспарын құру жұмыстары аяқталуы тиіс», - деді аймақ басшысы.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Жаппай кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту мақсатында биылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы іске асырылу барысында.

 «Сіз бен Біздің міндетіміз – қолда бар қорлар мен мүмкіндіктерді пайдалана отыра, осы міндеттердің барлығын жүзеге асыру. Алға қойылған мақсаттардың барлығы шынайы да қолжетімді. Білек сыбанып, іске кірісетін уақыт келді. Бірігіп атқарған жұмысымыз алға қойылған міндеттердің барлығын іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімім мол»-, деп түйіндеді Б.Бақауов. 


Back to the list