03.02.2017
«Президент Жолдауында айтылған өкілеттіктерді бөлу өзгерістеріне келетін болсақ, оны жүзеге асыру жолында жауапкершіліктің үстемдігі қажет. Бізде ақпараттық теңсіздік және е-learning, электрондық күнделік бойынша барлық бағдарламалар бар, бірақ, өкінішке қарай нәтиже жоқ. Меніңше, енгізілгелі отырған саясат айтарлықтай өзгерістер енгізуге септігін тигізеді», - деді Б.Боқаев.
Ол айтып өткендей, шығарылған реформалар өте баяу орындалады.
«Біз жасап жатқан реформалар өте баяу жүзеге асырылады, себебі қазір ақпараттық серпіліс белең алуда. Атап айтсақ, үштұғырлы тіл бойынша бағдарлама 2008-2010 жылдары шыққан болатын бірақ бүгінгі таңға дейін жүзеге асырылуда», - деді Б.Боқаев.
Ол айтып өткендей, бұның барлығы қоғамның жауапкершілігінің жоқтығынан болып отыр.
«Осы сынды іс-қимылдардың жүзеге асып жатқандағы холдер секцияларында жауапкершіліктің жоқтығының нәтижесі. Реформаларды қабылдайтын адамдар мен қоғамның да жауапкершілігі басым болуы тиіс. Бәсекелестік орын алып жатыр, ересек ұрпақ жаңашылдықтарды қабылдағысы келмейді, сондықтан қарама-қайшылық туып жатыр. Цифрлық технологияны меңгерген адамдар ғана біздің әлемді өзгерте алады. Егер бізде «change mentality» болса, біз жақсы нәтиже шығарамыз», - деді ол.
Ол айтып өткендей, қазақстандық модель бейімделіп, барлық жаңашылдықтарды қабылдауы керек.
Қайрат Жандыбаев