02.02.2017
ҚСЗИ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов 2017 жылғы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы ерекше маңызды болып табылады, себебі ол жалпы экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау береді деп санайды.
«Экономикалық бөліктің мәні шикізат экспорттайтын негізгі салаларға ғана емес, сонымен қатар жаңа жоғары технологиялық, озық салаларға да негізделген экономикалық өсудің жаңа моделіне көшудің ұсынылатынында. Бұл Қазақстанға осы модель сәтті іске асырылған жағдайда әлемдік тауарлық нарықтар конъюнктурасына тәуелділіктен шығып, болашақта әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілікті айқындайтын анағұрлым перспективалы технологияларды дамытуға және жаңа саланың жоғары қарқынмен өсуі есебінен өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті В. Додонов.
Ол айтып өткендей, Қазақстандағы банктер бұрын-соңды экономикалық өсімнің қозғаушы күші болмаған, олардың қызметі әкімшілік жолмен реттелмейді.
«Банк қызметі әкімшілік жолмен реттелмейді. Банктер қолайлы экономикалық жағдайлар туған кезде ғана несиелендіреді, әзірше ондай жағдай жоқ. Ставкалар өте жоғары және өзіндік банк ресурстары болмағандықтан, несие беру мүмкін емес, тек МЖӘ жағдайында мемлекет ставкаларды субсидиялаған кезде ғана жүзеге асыруға болады. Банктер біздің экономика үшін ұзақмерзімді қаржы көзі болған емес. Ұзақмерзімді кредиттер портфелі өте аз, олар есептелген пайызбен жүзеге асырылады. Жақын арада жағдай өзгереді деп ойламаймын. Себебі ол әкімшілік жолмен шешілмейді. Ол тек қолайлы жағдай туған кезде ғана жұмыс істейді. Сондықтан да Жолдаудың бұл бөлімі жақын арада жүзеге асырылады деп үміттенемін», - деді В.Додонов.
Қайрат Жандыбаев