• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жолдауда Қазақстанның экономикалық дамуы бойынша үлкен міндеттер қойылған – Алпысбаева 02.02.2017

«Жолдау қажет уақытта шықты. Көпшілігімізде өсудің бұрынғы драйверлерінің орнын не басады, не істеу керек, қандай әдістермен, қай бағытта қозғалу керек деген сұрақтар туындай бастады. Мен өзім үшін негізгі жауаптарды алдым», - деді С.Алпысбаева.

Оның айтуы бойынша, Президент өз Жолдауында Қазақстанның экономикалық дамуы бойынша бірқатар міндеттер қойған.  

«Президент өз Жолдауында Қазақстанның экономикалық дамуы бойынша бірқатар міндеттерді айқындады. Не істеу керек және оларды қалай орындау керектігі бізге түсінікті», - деп атап өтті ол.

Форум барысында сарапшылар жаңғырудың үшінші кезеңі Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің логикалық жалғасы болып табылады және елдің жаңа технологиялық тәртіпке біртіндеп көшуіне ықпал етеді деген пікірге келді.  

Сондай-ақ, сарапшылар Конституциялық реформада айтылған жаңа өзгерістерді де талқылады. Олар жақында Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер басқару жүйесінің тиімділігін және одан әрі саяси трансформацияны арттыруға бағытталған жаңа шаралар болып табылатынын атап өтті.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list