• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО оқытушылары: Елбасының Жолдауы  шабыт пен сенімділік береді 02.02.2017

ШҚО Ақпарат орталығында хабарлағандай, өңірде университеттің ғалымдар кеңесі 2017 жылғы Жолдауды талқылау үшін алғашқылардың бірі болып жиналды, себебі Елбасы ұлттың негізгі капиталы болып табылатын білім беру саласы мен жаңа технологияларға баса назар аударған болатын. Сондай-ақ, экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңарту негізгі басымдықтардың бірі болып табылатыны да атап өтілді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов айтып өткендей, Жолдаудың негізгі басымдықтары негізінен білім және ғылым саласының өкілдеріне қатысты.

«Құжат тұжырымдамасында экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін жаңғырудың үшінші кезеңі бойынша Қазақстанның дамуының нақты болашақ бағдарламасы айқындалған. Президент үшінші жаңғырудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруын атап өтті. Әрине, біз осы бағыт бойынша негізгі орындаушылармыз. Мемлекет басшысының Жолдауы барлығымызға ертеңгі күнге қосымша шабыт және сенімділік беретіні сөзсіз», - деп атап өтті Жасұлан Шаймарданов.

Президенттің Жолдауын орындау аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ жеделдетілген технологиялық жаңаруды дамыту үшін өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындармен ынтымақтастықты күшейтеді.

Сондай-ақ, ақпарат бойынша, Жолдаудың негізгі ережелерін іске асыру бойынша жол картасы құрастырылатын болады. 


Back to the list