02.02.2017
Министрдің айтуынша, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда Н. Ә. Назарбаев бастама еткен кең ауқымды реформалар Қазақстан дамуындағы жаңа прогрестерді қамтамасыз етуге, одан әрі демократизациялануға, мемлекеттік басқару жүйесін және ұлттық экономиканы ел дамуының заманауи кезеңі мен өзекті геосаяси және геоэкономикалық жағдайларға бейімдеуге бағытталған.
Министрлік хабарлағандай, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ұсынылудағы түзетулерды ел халқымен кеңінен талқылауға мемлекеттің прецедентсіз ашықтығына ерекше назар аударылды. Мұндай пікірталастардың нәтижесінде елдің билік уәкілеттіктерін бөлу жүйесін кемелдендіру бойынша мазмұнды және сындарлы ұсыныстар туындайтындығына сенім білдірілді.
Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомствосының басшысы шетелдік дипломаттардың назарын Қазақстанда инновациялық-технологиялық өнідірістерді дамытуға үшін барынша жағымды жағдайлар жасауды көздейтін ағымдағы Жолдаудың басты бағыттарына аударып, белсенді түрде жайылудағы экономикалық дипломатия шеңберінде елшілерді өз астаналарын Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларымен таныстыруға шақырды.
Қ. Әбдірахманов елдің Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі Қазақстан үшін ядролық қарудан азат әлем мен басқа да сыртқы саяси бастамаларымызды жылжытуға, Кеңестің тұрақты және тұрақты емес мүшелерімен, БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен тиімді өзара ықпалдастық орнатуға жаңа мүмкіндіктер беретіндігін атап айтты. Сонымен бірге, шетелдік дипкорпус аталған қызметтегі, 2017 жылғы 10 қаңтарда Нью-Йорк қаласында ұсынылған ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ ҚК-нің мүшелеріне бағыттаған Саяси үндеуінде көрініс тапқан, қазақстандық дипломатияның негізгі басымдықтарымен таныстырылды.
Сондай-ақ, сөз сөйлеу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ және басқалары тәрізді көпжақты құрылымдар шеңберіндегі халықаралық әріптестермен ынтымақтастығының мәселелері қозғалды.
Қ. Әбдірахманов шет елдердің «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысу мәселелеріне бөлек тоқталып, бүгінге дейін көрмеге 112 мемлекет мен 19 халықаралық ұйым қатысатынын нақтылады.
Кездесу қорытындылары бойынша халықаралық және аймақтық күн тәртіптерінің өзекті сұрақтары бойынша пікір алмасу орын алып, Министр шетелдік дипломатиялық корпусты қызықтырған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.