01.02.2017
«Әлем жаңа технологиялар жолымен дамып келеді. Біз әлемдегі дамудан артта қалмауға тиіспіз. Сондықтан әлемнің ғылыми жетістіктері негізінде өз өнеркәсібімізді, экономикамызды дамытуға ұмтылуымыз керек», - деді Владислав Косарев.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, Қазақстан бес жыл бұрын тіпті ойламаған электромобильдерді шығара бастады. Ол ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында бізге келетін 2,5-4 миллион адамға ұсынылатын болады. Бұл еліміздің экономикасы мен ғылымының жетістігі.
«Бүгінде бізде осының барлығын жасау үшін материалдық база бар. Материалдық база алдыңғы жылдары жасалса да, өнеркәсіпті жаңарту, оны робототехника да, жаңа технологиялар да, компьютерлер мен дизайн да болатындай деңгейге жеткізу біздің қолымызда», - деді Қазақстан Компартиясының төрағасы.
Оның айтуы бойынша, Мемлекет басшысы көптеген позицияларда Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға қандай жұмыс атқару керектігін көрсетті.
«Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысы қойған міндеттер жайында ойланады деп ойлаймын», - деп қорытындылады В. Косарев.