• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Ақ жол» партиясы Мемлекет басшысының тапсырмаларын қолдайды 31.01.2017

«Ең алдымен, «Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын қолдайтынын атап өту қажет деп санаймын. Бизнес партиясы ретінде біз үшін, әрине, Президенттің экономика және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы бастамалары анағұрлым өзекті болып табылады», - деді А. Перуашев.

Партия төрағасы айтып өткендей, Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін едәуір арттыруды талап етеді, ондағы негізгі фактор автоматтандыру мен заманауи технологиялардың барлық жерлерде енгізілуі болуы тиіс.

«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртып қана қоймай, сонымен қатар индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылатын жаңа жобалардың тәсілдерін өзгерту қажет. Сондықтан мемлекеттік қолдау алатын жобаларда қолданылуы жоспарланған технологиялар мен техникалық регламенттерді үздік әлемдік үрдістерге сәйкестігіне бағалау қажет. Мұндай тәсіл біздің өніміміздің экспорттық әлеуетін де арттырады», - деді А. Перуашев.

Оның айтуы бойынша, Президент парадигманың ауысуы: өнімі ең жоғары талаптарға жауап беретін адал әрі сапалы бизнесті қолдау туралы айтады.

«Бұл жерде қолданыстағы халықаралық желілерге және өнімді өндіру мен өткізу жүйесіне енгізу қағидатының өзі маңызды. Әрине, трансұлттық корпорациялар ірі бизнеске бағдарланған. Алайда, қолданыстағы жүйелер тұрғысынан және ШОБ үшін озы әлемдік компаниялар өз технологиялары мен процестерін жергілікті компанияларға беретін және оларды өздерінің жаһандық өнім өткізу желісіне енгізетін жағдайда халықаралық франчайзинг құралы арқылы жүйеге кірудің жақын тетігі орын алады», - деп атап өтті А. Перуашев.

Депутат мәлімдегендей, «Ақ жол» партиясы Ұлт көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық мүдделерді ілгерілету мен қорғауға көп көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреді.

«Ұлттық мүдделерді ілгерілету мен қорғау – кез келген мемлекет пен үкіметтің тікелей міндеті екеніне сенімдіміз», - деді А. Перуашев.

Оның айтуы бойынша, «Ақ жол» партиясы үшін Мемлекет басшысының бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту бойынша бастамалары анағұрлым жақын.

«Біз экономиканың басым салалары мен аграрлық сектор бойынша тапсырмаларды сөзсіз қолдаймыз. Президент біздің бизнестің маңызды жерлерін дұрыс атап өтті», - деді А. Перуашев.

Сондай-ақ, депутат оларға парламенттік партия өкілдері ретінде Жолдауды бағалау ғана емес, сонымен қатар оны іске асыруға тікелей қатысу мүмкіндігі берілгенін атап өтті.

«Ақ жол» партиясы бүгін жарияланған Қазақстанның үшінші жаңғыруына қатысуға мүдделі», - деп қорытындылады А. Перуашев.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list