• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Макроэкономикалық тұрақтылықсыз басымдықтарды орындау мүмкін емес – Қарақұсова 31.01.2017

«Жолдауда Президент атаған басымдықтардың бірі – макроэкономикалық тұрақтылық. Бұл Жолдауда ақша-несие жүйесінің басты функцияларының бірі – ынталандыру қалыпқа келтіріледі. Ынталандырушы рөл, біріншіден, біздің экономикамызды дамыту үшін қажетті несиелер мен қаражаттың қолжетімді және қайтарымды болуы керектігінде. Осы жағдайларда банк жүйесі шын мәнінде экономиканың негізгі жүйесі болуы үшін бақылаушы және реттеуші орган ретінде Ұлттық банктің де рөлі өзгеруі қажет», - деді Г. Қарақұсова.

Бұдан бөлек, ол Ұлттық банк алдына инфляция дәлізін тарылту міндеті қойылғанын да атап өтті.

«Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек.  Сонымен қатар, әлемде қандай да бір теріс әсерлерге жол бермеу үшін, банк жүйесі үшін алдын алу шараларын әзірлеуге баса назар аударатын реттеуші болу қажет», - деп атап өтті Г. Қарақұсова.

Төрайымның айтуы бойынша, банктер ашық әрі тиімді болуы үшін Жолдауда өз қорытындыларында бар теріс әсерлердің алғашқы белгілерін анықтауы тиіс аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін арттыру міндеті қойылған.

«Аудиторлық компаниялар өздерінің аудиторлық қорытындылары үшін жауапты болумен қатар, осы аудиторлық қорытындыларында ашықтықты, соның ішінде акционерлердің қандай да бір компаниялардың дамуына үлесін қамтамасыз етуі де тиіс.  Аудиторлық компаниялар мәнінің өсуі қор нарығының дамуын одан әрі қамтамасыз етуде», - деді Г. Қарақұсова.

Сондай-ақ, ол Президент қор нарығында квазимемлекеттік сектор компанияларының акцияларын орналастыруды тапсырғанын және жария етуден алынған қаражат экономикаға жұмыс істеуі керектігін де атап өтті.

«Макроэкономикалық тұрақтылық тиімді бюджеттік және салық саясатынсыз қамтамасыз етілуі мүмкін емес. Президент бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына үнемі көңіл бөледі. Және қазір де Елбасы олардың тиімді пайдаланылуын түбегейлі арттыру міндетін қойып отыр. Кез келген бюджет қаражатын пайдаланудың түпкі нәтижесі ел азаматтарының өмір сүруін жақсарту болмақ. Осыған орай, оларға бюджеттік рәсімдерді оңайлату, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Біз бөлінген қаражатты пайдаланудың түпкі нәтижесін көруіміз қажет», - деп қорытты Г. Қарақұсова.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list