• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сарапшы пікірі: 2017 жылғы Жолдау – Қазақстан экономикасының жаңғыруының жаңа кезеңі 30.01.2017

ҚСЗИ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов 2017 жылғы Жолдау ерекше маңызды болып табылады, себебі ол жалпы экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау береді деп санайды.  

«Экономикалық бөліктің мәні шикізат экспорттайтын негізгі салаларға ғана емес, сонымен қатар жаңа жоғары технологиялық, озық салаларға да негізделген экономикалық өсудің жаңа моделіне көшудің ұсынылатынында. Бұл Қазақстанға осы модель сәтті іске асырылған жағдайда әлемдік тауарлық нарықтар конъюнктурасына тәуелділіктен шығып, болашақта әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілікті айқындайтын анағұрлым перспективалы технологияларды дамытуға және жаңа саланың жоғары қарқынмен өсуі есебінен өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті В. Додонов.


Back to the list