• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«БЖК 2020» іске асырудың алты жылы ішінде 300 мыңнан астам жұмыс орны ашылды (ФОТО) 10.11.2016

2010 жылдан бастап Қазақстанда операторы «Даму» қоры болып табылатын «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның негізгі құралдары кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдікті мүлік жетіспеген кезде кредитті кепілдендіру және екінші деңгейлі банктер арқылы бизнесті жеңілдікті кепілдендіру.

«БЖК 2020» бағдарламасын іске асырудың алты жылы ішінде қатысушылар 1,6 млрд АҚШ доллары – 534 млрд теңге сомасына салық төлеген, 17,4 млрд АҚШ доллары - 5,8 трлн теңге сомасына өнімнің жиынтық көлемін қамтамасыз еткен, 300 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап, ашқан», - деді Қ. Төлеушин.

Оның айтуы бойынша, төленген салық көлемі төленген субсидия көлемінен төрт есе асады, бұл мемлекеттік бюджетке қаражат қайтарымының жоғары коэффициентін растайды.

«2016 жылы бағдарлама қорытындылары бойынша 155 млрд теңгеге жуық сомаға салық түсімі, кемінде 25 мың жұмыс орнын ашып, сақтау болжануда», - деп қосты Қ. Төлеушин.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Азамат Әлиев


Back to the list