19.10.2016
«Біздің болжамдар қазіргі демографиялық көші-қон үрдістерін ескере отырып, 2050 жылға қарай өңтүстік өңірлердің тұрғындары 5,2 млн. адамға өсетінін көрсетеді. Оңтүстік өңірлерді таратып қоныстандыру тығыздығы солтүстік өңірден 4 есе асады, бұл еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігінің шиеленісуіне әкеледі. Осы проблеманың шешімдерінің бірі азаматтарды өз еркімен қоныс аударуына ынталандыру болып табылады», - деп мәлімдеді ол 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Жолдауы тұрғысынан Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы дөңгелек үстел отырысы барысында.
Оның айтуы бойынша, еңбек мобильділігін арттырудың басты ынталандырмасы жұмыстың болуы және тұрғын үй мәселесінің шешілуі болып табылады.
«Бағдарламаны іске асыру кезеңі ішінде 18 мыңдай адамды немесе 5 мыңға жуық отбасын ерікті түрде қоныстандыру жүзеге асырылды, олар 1 313 үйге, соның ішінде жұмыс істейтін жастарға арналған 12 жатақханаға орналастырылған. Жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің 78%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, бұл экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден анағұрлым дамыған аудандық қалаларға облыс ішіндегі қоныстандыру ғана», - деді министр.
Ведомство басшысы ағымдағы жылы 2015 жылғы қарашада қабылданған өзгерістерді есепке ала отырып, көші-қон заңнамасы, ЖЖК шеңберіндегі қолдаудың арқасында ықтимал ерікті қоныс аудару географиясы кеңейгенін атап өтті. Қоныстандыру мақсаттарында осы жылы 32 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, соның ішінде ШҚО-да 10 үйдің құрылысы аяқталған, ал қалған үйлердің құрылысы әлі жалғасуда.
Индира Қауметова