19.10.2016
«5 жыл ішінде 41 600 адам шағын несиелер алған, соның ішінде 27 200 адам алғаш рет кәсіпкер болған. Осы жылға дейін шағын несиелендіру арқылы біз ауыл тұрғындарына өздерінің жаңа шағын бизнесін бастауға мүмкіндік бердік. Жалпы, ағымдағы жылы біз 9 мыңнан астам шағын несие беруді жоспарлап отырмыз, оларды алушылар ауылды жерлерде 12 мыңға жуық қосымша жұмыс орнын ашады», - деп хабарлады министр.
Оның айтуы бойынша, алдыңғы жылдардың практикасы бағдарламаға қатысушылар шағын несиелерді негізінен ауыл шаруашылығында, әсіресе мал шаруашылығында пайдаланатынын көрсетеді, себебі бұл ауылдағы ең түсінікті әрі қолжетімді бизнес, сондықтан, осы жылы ДСӘДМ ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуге ынталандыру және жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлы өндіріс құру үшін шағын несиелендіру мөлшерлерін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтқан.
«Кооперация азық, өнім өткізу мәселелерін бірлесіп шешуге, өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және, сәйкесінше, ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы бөлек 10 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті Т. Дүйсенова.
Жалпы, есепті кезеңде 6834 адам шағын несие алған, соның ішінде 54%-ы алғаш рет өз ісін ашқан, оның 92%-ы салық органдарында жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.
«Жаңа кәсіпкерлер 9,6 млрд. теңге сомасында зейнетақы аударымдарын, 4,3 млрд. теңге сомасында әлеуметтік сақтандыру жарналарын аударған. Табыс салығы түрінде бюджетке түсетін салық кірістерінің ең аз көлемі 4,2 млрд. теңгеге бағаланады, бағалау бойынша өндірістік өнім көлемі бағдарламаның іске асырылуының басынан бастап 120,4 млрд теңгені құраған. Егер халықтың кәсіпкерлік бастамаларын қолдаудың осындай шаралары болмаса, бүгінгі таңдағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5%-дың орнына 5,8%-ды құрар еді», - деп түйіндеді министр.
Индира Қауметова