27.09.2016
Облыстық статистика департаменті хабарлағандай, тұрғын үйлердің басым бөлігін салу жеке үй салушыларға тиесілі (68,1%).Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын дамыту барысында ауылдық жерлерде әлеуметтік құрылыс объектілері салынуда. 8 ай ішінде Жарма, Ұлан және Үржар аудандарынан 940 оқушы білім ала алатын 3 жаңа жалпы білім беретін мекемелер пайдалануға берілді.
Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беретін 2 мекеме Бесқарағай және Үржар аудандарынан 160 бала қабылдайды.
Біздің облыстың ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындардың тұрмыстық деңгейін жақсарту жалғасуда. Ауыл тұрмысын қолайлы және тартымды ететін әлеуметтік саладағы құрылыс толыққанды жүргізіліп, жаңа объектілер пайдалануға беруге дайындалуда.