16.12.2016
Семейлік бағындар үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Балдырған» балабақшасы ашылды. 180 орынға шақталған заманауи ғимаратта зерделі де зейінді ұрпақ тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған.
Мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшікке де, бізге де өте тиімді жоба. Тәуелсіздік жылдары өңірде 170 білім ошағы тұрғындар игілігіне берілді.
Құттықтау сөзінде өңір басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның ширек ғасырдағы көрсеткіштеріне тоқталды.
«Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайтпас намысының жемісі. Тәуелсіздік – жаңа тұрпатты Қазақстан мемлекетінің, 25 жыл ішіндегі барлық тарихи жеңістері мен баға жетпес байлықтарының бастауы! Сондықтан, оны, көздің қарашығындай сақтап, болашаққа аманат ету - баршамыз үшін, қастерлі парыз», - деп атап өтті ШҚО әкімі.