• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан қалай өзгерді 17.12.2016

- Қазақстан еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде. Сіздің ойыңызша бұл оқиға халық және жалпы мемлекет үшін қаншалықты маңызды?

- Менің ойымша, Қазақстанның тәуелсіздігінің ұлы дәуірі мемлекеттің әлемдегі абсолютті тарихи триумфын көрсетеді және Отанымыздың алтын ғасырының бастауы болып табылады. Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл халқымыздың басты құндылығы. Бұл Қазақстан халқының 1991 жылы жасаған таңдауы – еркін, тәуелсіз елде, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, өз тағдырымыз, келер ұрпақтың болашағы үшін өзіміз жауаптымыз.

- Сіздің ойыңызша осындай маңызды жетістіктің тарихи негізі не?

- Қазақстанның тәуелсіздігі дәуірі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көп қырлы және ұлы қызметімен, ел азаматтарының әл-ауқатымен және жетістіктерімен, еліміздің одан әрі гүлденуімен тығыз байланысты. Осы дамудың 25 жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар жүргізу бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын толық сеніммен айтуға болады. Дәл осы тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ұлттық экономиканың барлық салаларында жаңа сапалы деңгейлерге көтерілді. Дамудың осы бағыты елімізді әлемнің жылдам дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына шығарды.

- Қазақстанның қалыптасуында Ұлт көшбасшысының рөлін қалай бағалайсыз?

- Біз көп нәрсеге қол жеткіздік, сәтті экономика және әлем құрметтейтін мемлекет құрдық. Және Қазақстан халқының 1991 жылғы 16 желтоқсанда жасаған таңдауының тарихи құндылығын және Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет пен тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюындағы ұлы рөлін жыл сайын терең ұғынамыз.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әрбір сөйлеген сөзінде Қазақстанның барлық азаматтарын еліміздің игілігі және гүлденуі үшін белсенді еңбек етуге, қоғам жетістіктері мен ортақ құндылықтарды бағалап, нығайтуға шақырады.

- Қазақстанның қандай нәтижелері мен жетістіктерін бірінші кезекте атап өтер едіңіз?

- 25 жыл ішіндегі негізгі жетістіктеріміздің бірі 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан – еуразиялық кеңістіктегі және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың көшбасшысы. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ЕАЭО және басқа да халықаралық беделді ұйымдарда төрағалық ету – Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан көп бағытты, үйлестірілген және тиімді саясаттың арқасында мүмкін болған негізгі оқиғалар.

 -  Әлемдік қоғам тәуелсіз Қазақстанды және Президентіміздің бастамаларын қалай қабылдап жатыр деп ойлайсыз?

 - 1991 жылы әлемдегі ең ірі ядролық қару арсеналынан бас тарту әлемдік қоғамның Қазақстанды мойындауының алғашқы қадамы болды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін әлемнің көптеген мемлекеттері Қазақстанды әлемдік қоғамның толық мүшесі ретінде таныды, ынтымақтастықтың барлық қажетті халықаралық-құқықтық тетіктері жасалды, еліміз өңірлік және жаһандық сипаттағы мәселелерді шешуде дауыс беру құқығына ие болды. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы ілгерілуін және барлық ықтимал бітімгерлік күш салуын халықаралық қоғам жоғары бағалайды. 

- Еліміздің инвестициялық климаты және жалпы экономикасы қаншалықты жақсарды деп ойлайсыз?

- Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әлем көшбасшыларының біріне айналды. Бүгін Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат жасалған. Отандық өндіріс көтеріліп, заманауи инновациялық технологиялар дамуда. Қазақстанның бай табиғи ресурстары, әлеуметтік және саяси тұрақтылық елімізді анағұрлым перспективалы елдердің біріне айналдырды. Қазақстанның алтын-валюта қоры 100 миллиард долларға жуық. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикасына 227 (300) миллиард доллар инвестиция салынған. Шағын және орта бизнес дамып келеді. Жаңа жұмыс орындары ашылуда. Халықтың өмір сүру деңгейі көтеріліп жатыр.

- Тәуелсіздік жылдарында қандай салалар анағұрлым жақсы дамыды?

- Тәуелсіздік жылдарында жаңа сала – автомобиль саласы құрылды, ауыр индустрия және жеңіл өнеркәсіп дамуда. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен жүздеген миллиард теңге қаражат бөлінетін әлеуметтік сала жылдам қарқынмен дамып келеді. Халықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде орын алып жатқан реформалардың басты мақсаты болып табылады.

- Қазақстан жақын уақытта қандай мақсаттар қоюы тиіс?

- Біздің мақсатымыз бір – «Мәңгілік ел» философиясын, еліміздің тәуелсіздігін және жалпы ұлттық бірлікті нығайту! Ұлт көшбасшысының көп бағытты сыртқы саясатын іске асыру Қазақстанға әлемде толық құқықты, құрметті әрі маңызды мемлекетке айналуына мүмкіндік берді. Ұлттық экономиканың барлық негізгі салаларының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырумен байланысты мәселелер «Қазақстан-2050» стратегиясын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асырудың қазіргі кезеңінде басты тақырыпқа айналды.

- Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының стратегиялық бағытының дұрыстығын қаншалықты дәлелдеді?

- Еліміздегі экономикалық стратегия мен реформалар Қазақстанға өнеркәсіптік өнім өндірісінің, сыртқы сауда айналымының қарқындары мен көлемдерін сақтап қалуға мүмкіндік берген маңызды шараларға айналды. Оған қоса, ұлттық экономиканың жетекші салаларын техникалық қайта жарақтандыруға,инфрақұрылымын жаңғыртуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған капитал салымдарының көлемі едәуір ұлғайды. Еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени және спорт өміріндегі маңызды оқиғалар тәуелсіз Қазақстан деген аты бар мемлекетіміздің іргелі негізінің қуатын одан әрі арттыра түседі.  

- Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

 


Back to the list