15.12.2016
Аталған шара барысында облыс басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, көпшілікті алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
«Бұл – тәуелсіздіктің нышаны, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасатын нышан. Монументтің жоғарғы жағында «Қазақстан-2050» Стратегиясының белгісі қойылған. Тәуелсіздік – біздің жақсы өміріміздің негізі. Ұлт басшысының басшылығымен біздің ел әлеуметтік-экономикалық және саяси қиындықтарды жеңе білді, және 50 дамыған елдің қатарына енді», - деп атап өтті облыс әкімі.
Жаңадан ашылып, Тараз қаласына ерекше көрік беріп тұрған бұл монументтің биіктігі 14 метр, жоғары жағында «Қазақстан-2050» стратегиясының белгісі орналастырылған. Ал ең төбесінде қазақтың қасиетті шаңырағы белгіленген.