15.12.2016
«2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ЖІӨ-нің кемінде 50%-ын өндіретін болады. Ұлттық экономиканың өсуі еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Ол бір адамға 20 мың долларға дейін 5 есе өседі. Біз инновациялық даму жүйесіне көшуді қамтамасыз етеміз. Ағымдағы екінші бесжылдық аясында 300-ден астам жаңа инновациялық кәсіпорын салынады. 2050 жылға дейін 2 млн-ға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Мұнда барлығына арналған «Жалпыға ортақ кәсіптік білім беру» бағдарламасы бойынша жұмысшы кәсіптерінің 1 млн-ға жуық білікті кадрларын даярлау негізгі рөл атқарады. Яғни біз орта мектепті аяқтаған әрбір адамды кәсіппен қамтамасыз етіп, мемлекет есебінен оқытамыз. Ары қарай ол өзі жұмыс жасайды», - деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы 1996 жылы Қазақстан халқының 35%-ы кедейлік шегінде өмір сүргенін еске салды. Тәуелсіздік жылдары ішінде кедейлік шегінде болған халық үлесі - 12,5 есе, жұмыссыздық 2,6 есе қысқарған. Соңғы бесжылдық ішіндегі әр жылда 270 мың жаңа жұмыс орны ашылуда.