15.12.2016
«Бұл кітап ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және облыс әкімінің қолдауымен шығарылды. Әрине, тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде біздің елімізде көптеген айтулы және маңызды оқиғалар орын алды, әрбір жыл, сағат, минут – бұл тарих. Дегенмен, осы басылымда тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең маңызды оқиғалар үш тілде жарық көреді, осының өзі кітапты анағұрлым құнды етеді», - деп атап өтті кітап авторы ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қызылордалық Берекет Кәрібаев.
Оның айтуы бойынша, кітапта аталған барлық жетістіктер жиырма бес жыл ішіндегі ел халқының бірлігі мен еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Өзінің туған өлкесі – Қызылорда облысының жетістіктерін айта отырып, тарихшы Арал теңізінің жаңаруы экологиялық көрсеткіш қана емес, сонымен қатар, ең алдымен, ол осы аудан тұрғындарының алаңдаушылығы мен бастамашылдығын да көрсетеді.
«Мен Мемлекет басшысы көрсеткен көмектің арқасында Аралды жаңарту туралы арманымның орындалғанына қуаныштымын», - деді ол.