• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда зейнетақы 2017 жылы 20%-ға ұлғаяды – ҚР Президенті 15.12.2016

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты үкіметке келесі жылы зейнетақы мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға арттыруды тапсырамын. Бұл 2 млн 200 мың қазақстандықты қамтиды. Сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туумен байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20%-ға көтеруді тапсырамын. Бізде қазір бала туу деңгейі өте жоғары – 55% өсу – бұл бізге қажет», - деді ҚР Президенті.

Елдің 25 жыл ішіндегі әлеуметтік шығыстары 26 млн теңгеден 4,8 трлн теңгеге дейін, 180 мың есе өскен – бұл ел бюджетінің 46%-ы.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтуде. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ғылым, білім беру, медицина, шығармашылық интеллигенция және спорт өкілдері, діни бірлестіктердің көшбасшылары, еліміздің 6 облысынан өңірлік делегаттар қатысуда. 


Back to the list