• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сапарбаев: Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде барлық әлем үшін төзімділік пен келісімнің эталонына айналды (ФОТО) 13.12.2016

Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресей Федерациясының дін және қоғам қайраткерлері, ғылым және білім қайраткерлері, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан көптеген этностар, мәдениеттер мен діндер бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан еркін әрі бейбіт ел болып табылатынын атап өтті. Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде барлық әлем үшін төзімділіктің, бірлік пен конфессияаралық келісімнің эталонына айналды. Бүгін елімізде 4 мыңнан астам діни бірлестік бар, Әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының 5 съезі өткізілді.

«Ақтөбе облысының аумағында 90-ға жуық діни бірлестік пен филиал тіркелген және жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар олардың қызметі мен дамуы үшін тең жағдайлар жасап жатыр. Еліміздің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап конфессияаралық және ұлтаралық диалог пен келісім арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған», - деді облыс әкімі.

Конференция барысында конфессияаралық диалогты одан әрі дамыту, дәстүрлі діннің қоғамдағы рөлін арттыру жолдары, дін мен мәдениеттің өзара іс-қимылының жаңа жолдары талқыланды.  


Back to the list