• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Канада Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады 13.12.2016

Шараға Парламенттің Қауымдар палатасының Спикері Джеф Риган, Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Памела Голдсмит-Джонс, Табиғи ресурстар министрлігінің Парламенттік хатшысы Ким Руд, сенат мүшелері, депутаттар, Канаданың мемлекеттік органдарының, іскерлік және ғылыми топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері және осы елде тұратын Қазақстан азаматтары қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ. 

Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі негізгі даму жетістіктері, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары туралы айтып берді және екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарын атап өтті.

Канаданың үкіметі атынан сөз сөйлеген Ким Руд қазақстандықтарды тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, Оттаваның «100 нақты қадам» ұлт жоспарын қолдайтынын айтты. 

Компанияның уран өндіретін ең ірі компанияларының бірі «Cameco» президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі және Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Тим Гитцель Қазақстандағы ағымдағы институционалдық реформалар және экономиканы жаңғырту тұрғысында өзара тиімді ынтымақтастықты өсірудің едәуір перспективаларын атап өтті. 


Back to the list