13.12.2016
Іс-шараға Мажарстанның Президенті мен Премьер-министрі, министрліктері мен ведомстволары, Ұлттық жиналыс депутаттары, өңір басшылары, қоғамдық-саяси, мәдени және іскерлік топтары, дипломатиялық корпусы, шығармашылық интеллигенциясы, БАҚ кеңселерінің өкілдері, қазақ диаспорасы мен студенттер қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Іс-шараның құрметті қонақтары Ұлттық экономика министрі Михай Варга, сондай-ақ сыртқы экономикалық және сыртқы істер, ішкі істер және ұлттық экономика министрлерінің орынбасарлары болды.
Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбах Рүстемов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біздің еліміз қысқа тарихи мерзімде экономикалық және саяси реформалар жүргізуде үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Мажарстандық аудитория еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуының негізгі бағдарламаларын іске асыру барысымен танысты.
М. Варга өз сөзінде Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, күшті құқықтық және демократиялық мемлекет құруда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті.
Іс-шарада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен «Құлансаз» фольклорлық-отнографиялық ансамблі өнер көрсетті.