13.12.2016
«Тәуелсiздiктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік наградалардың табысталуы өте ерекше мінге ие. Сiздер осындай айтулы күннiң қарсаңында жоғарғы марапат мәртебесiне жетiп отырсыздар. Бұл жеке азаматтар арқылы барша халқымыздың iстеген еңбегiне деген баға болады. Кез келген ел жұрттан елеулi өнерiмен, мәйектi мәдениетiмен ерекшеленедi. Бұл ретте талантты туынды тұтас ұлттың рухани қазынасын байыта түседi», - дедi Мемлекет басшысы.
Елбасы айтып өткендей, бұл күндері ел бойынша барлық қазақстандықтар Қазақстанның мәртебелі азаматтарын марапаттайды.
«Біз осы жылдары туған елінің мүддесіне аянбай еңбек еткен азаматтарды да ұлықтаймыз. Қазақстандық жетістікті жүзеге асырған үш негіз бар: жан-тәнімен толық беріліп жұмыс істеу, патриотизм мен кәсіпқойлық. Бүгін марапатталып отырған тұлғалардың барлығында осы қасиеттер бар. Бұ барлығымыздың еңбегіміздің еленуі», - деді Н.Назарбаев
Ботагөз Айтжанова