12.12.2016
Шараға үкімет мүшелері, Сейм және Сенат депутаттары, соның ішінде польша-қазақстан парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері, Польшаның сыртқы саяси ведомствосының басшылығы мен барлық басты мемлекеттік органдарының өкілдері, Қазақстандағы польшалық инвесторлар, тұңғыш польшалық ғарышкер Мирослав Гермашевский, іскерлік топтар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, польшалық жоо, Варшавада аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус, қазақстандық диаспора мен Польшада білім алатын қазақстандық студенттер қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абиболлаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның ең маңызды және іргелі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жетістіктерін, осы жылдар ішінде елімізде болған ауқымды өзгерстерді атап өтті.
Елшінің айтуы бойынша, Қазақстан барлық елдермен ынтымақтастық жасауға ашық және бүгінгі таңда шетелдік инвесторлар үшін анағұрлым тартымды ел болып табылады.
Биылғы жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшаға мемлекеттік сапары мемлекетаралық қатынастардағы жаңа бағытты айқындап, екіжақты өзара іс-қимылдың сауда-экономикалық, инвестициялық-инновациялық және коммуникациялық-көлік бағыттарына жаңа серпін берді.
Қабылдауда елшілік Қазақстан туралы динамикалық бейнероликтер көрсетті, Астанадағы «ЭКСПО-2017» туралы тақырыптық көрме ашты, елдің заманауи келбеті туралы баспа басылымдарын ұсынып, Қазақстанның ұлттық дәстүрлерімен және мәдениетімен таныстырды.