09.12.2016
Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл ауылының тумасы, Кеңес одағының батыры , Ингушетия елінің Тұңғыш Президенті Руслан Аушев Қазақстанның әлеуметтік дамуының қарқынын атап өтті.
«1944 жылы менің ата-анам көптеген ингуш пен шешендер сияқты осы жаққа қоныс аударды. Қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ халқы қол ұшын беріп, көмектерін аяған жоқ. Біз оны ұмытқан жоқпыз, Қазақстан бізге Отанымыз сияқты. Бақытымызға орай, барлығы өзгеріп, Қазақстан дамыған елге айналды. 1989 және 1990 жылдары болған Қазақстан мен қазіргі Қазақстанның жағдайын салыстыруға болмайды. Мен Астана мен Алматы қалаларында жиі боламын», - деді Р.Аушев.
Айта кетейік, Астана қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтуде. Маңызды жиынға 10 мыңнан астам адам қатысып жатыр.