• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
10 мыңнан астам қазақстандық Астанада этномәдени бірлестіктер фестиваліне жиналды 09.12.2016

Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл» атты этномәдени бірлестіктер фестивалі өтуде.

Іс-шараға Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, ЖОО ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, шығармашылық ұжымдар, ғылыми, шығармашылық зиялылар өкілдері, студенттік жастар және БАҚ қатысуда. Барлығы 10 мыңнан астам адам.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» және «Қайырымдылық керуені» жалпы республикалық жобаларының қорытындылары жасалады, Қазақстанның барлық өңірлерінен этномәдени бірлестіктердің кәсіптік ұжымдарының театрланған, вокалдық-хореографиялық қойылымдары мен композициялары және спортшылардың өнер көрсетуі ұсынылады. 


Back to the list