09.12.2016
Ол айтып өткендей, өткен 25 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды, ол ақтөбеліктердің денсаулығына барынша әсер етті.
2015 жылдың қорытындысы бойынша өңірде туу көрсеткіші 1000 адамға 24,11-ге дейін өсті, ал сәби өлімінің көрсеткіші 1991 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге төмендеді.
«Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 5,6 пайызға, ал туберкулезден өлу көрсеткіші 2,3 есеге қысқарды. Қан айналымы ауруынан өлім саны 2 есеге қысқарды», - деді А.Қалиев.
Спикердің айтуынша, жыл сайын мамандандырылған медициналық көмектің көлемі мен түрлері артты.
«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, барлық медициналық ұйымдарда 2015 жылы пациентті қолдау қызметі мен ішкі бақылау қызметі құрылды», - деді ол.