• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тель-Авив қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау өткізілді 06.12.2016

Қазақстанның Израильдегі достардың көптігі, олардың ішінде Кнессетінің (Парламент) депутаттары, мемлекеттік органдардың жоғары шенді тұлғалары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың мүшелері, Израильде аккредиттелген дипломатиялық корпусы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған ресми іс-шараға қатысты.

Қонақтар алдында алғы сөзімен Қазақстанның Елшісі Дулат Қуанышев шықты. Ол Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы баяндады, сонымен қатар, Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың үстіміздегі жылдағы жұмысын жиынтықтады. Осы жылдың екі ел арасындағы ең маңызды оқиға – Израиль Мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға тұнғыш ресми сапары –ү.ж. 14 желтоқсанда, үлкен мереке – ҚР Тәуелсіздік күні қарсанында өткізілетіндігін хабарлады. Содан басқа, дипломат алдағы жылда Алматы қаласында өтетін Қысқы Универсиада және Астанада өткізілуге жоспарланған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне кештің қонақтарын барып қайтуға шақырды.

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Израильдің өңірлік ынтымақтастық министрінің орынбасары Аюб Кара құттықтау сөзімен шықты. Ол Қазақстанның дамуының деңгейіне жоғары бағасын берді, сонымен бірге, екіжақты қарым-қатынастардың дамуының жағымды серпін атап өтті.

Мерейтой шеңберінде Қазақстанның туристік әлеуетіне арналған фотокөрмесі ұйымдастырылды, және еліміз туралы бейне сюжеттері және алдағы жылға жоспарланған басты іс-шараларға арналған бейне промо-роликтері көрсетілді. «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» мобильдік қосымшасына жарнамалық науқан ұйымдастырылды. Қонақтар алдында қазақ және еврей ұлттық, сонымен бірге, классикалық музыкалық және би номерлерімен қазақстандық әртістер өнер көрсетті.


Back to the list