• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Моңғолияда Қазақстанның  25 жылдағы жетістігі айтылды 06.12.2016

Докторанттар, магистранттар және профессорлық-оқытушы құрамнан тұратын Академия тыңдаушыларына Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жетістіктер мен сыртқы қатынастардағы бастамалар, сондай-ақ екіжақты байланыстардың даму барысы туралы ақпарат берілді.

Елші Қ.Қобландин «2050 стратегиясы», ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының және Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамының мақсаттары туралы, сондай-ақ «Әлем. ХХІ Ғасыр» Манифесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі кеңінен баяндалды.            

Сонымен қатар Қазақстанның еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі болып сайланғаны, 2017 жылы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі мен Алматы қаласында 28-ші Қысқы Универсиада-2017 іс-шаралары туралы ақпарат берілді.

Лекция соңында Академия басшысы С.Зулпикар, Ректордың орынбасары Ш.Батсух, Академияның Менеджмент кафедрасының меңгерушісі Д.Ганбаатар еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне жоғары баға беріп, айтулы даталарға орай ізгі тілектерін білдірді.

 


Back to the list