• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Бразилияда Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері туралы сурет көрмесі өтті (ФОТО) 03.12.2016

Іс-шараға Ұлттық конгресс депутаттары, Бразилияның Сыртқы істер министрлігі мен басқа мемлекеттік органдарының қызметкерлері, бразилиялық компаниялардың басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің және Бразилияда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық топ өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Қайрат Саржанов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі белгілі саяси, экономикалық жетістіктерін, еліміздің сыртқы саяси бастамаларын және халықаралық аренадағы жетістіктерін, елде жүргізіліп жатқан реформаларды атап өтті.

Елші Қазақстанның барлық жетістіктері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасымен және қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Ол Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ерекше назар аударды. Елдердің бір-бірінен алыс орналасуына қарамастан, олар достық әрі әріптестік қарым-қатынас орната алды.

Бразилияның Сыртқы істер министрлігі Орталық, Оңтүстік Азия және Мұхит елдері департаментінің басшысы Ари Кинтелла өзінің құттықтау сөзінде Бразилия тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің өсуін таңдана бақылайтынын атап өтті. Ол Бразилия Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін мақтанышпен айтты.

Іс-шара барысында қонақтарға ҚР Ұлттық мұражайы әзірлеген, Қазақстанның 25 жыл ішіндегі негізгі жетістіктері туралы сурет көрмесі ұсынылды.


Back to the list