• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәскеуде Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістіктері талқыланды 03.12.2016

Қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша мәскеулік жоо-да білім алушы студенттер Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ.

Білім және ғылым салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығына, зияткерлік ұлтты қалыптастыру және Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуі жөніндегі бастамаларға ерекше көңіл бөлінді.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар ҚР Президентінің бастамаларын, атап айтқанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инутитуционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарын түсіндірді. Сөз сөйлегендер көптеген қазақстандық студенттердің соның арқасында шетелде, әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарында сапалы білім алып жүрген бастамалары үшін Президентке алғыстарын білдірді. 

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мәскеу қаласындағы қазақстандық жастардың атынан құттықтау хат оқып, Мемлекет басшысына жолдады. 


Back to the list