03.12.2016
Іс-шараның құрметті қонағы Арменияның Ұлттық жиналысы Төрағасының орынбасары Эрмине Нагдалян болды. Салтанатты шараға Армения Республикасының Ұлттық жиналысының депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың басшылары, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері, қазақстандық азаматтар қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстанның елшісі Тимур Оразаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерін, бірінші кезекте, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, елдегі барлық азаматтар үшін тең жағдайлар жасау саласындағы жетістіктерін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт сыртқы саясат жүргізуге бағытталған стратегиясы, ядролық қарусыздандыру және терроризмге қарсы күрес саласындағы белсенді ұстанымы, сондай-ақ ел экономикасының өсуі әлемде Қазақстанның оң беделін ілгерілетуге ықпал етеді.
Елші қонақтарды болашақта Алматыда өтетін Қысқы Универсиадаға және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шақырды.
Салтанатты шара аясында қазіргі Қазақстан туралы бейнесюжеттер көрсетілді, ҚР туристік әлеуетіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды.