02.12.2016
Кездесу барысында өңiр басшысы әйел-ана қашан да отбасының ұйытқысы екенiн атап өттi.
«Егемендiк алып, болашаққа құлаш сермеген тәуелсiз елiмiзде ұрпақ тәрбиесiне айрықша мән берiледi. Бала тәрбиесi — аса маңызды мiндет. Осы мiндеттi абыроймен атқарып, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған Сiздердiң еңбектерiңiз қандай болмасын құрметке лайықты», — дедi Ерiк Сұлтанов.
Кездесу барысында облыс әкiмi алты бала тәрбиелеп отырған Людмила Абросимоваға «Күмiс алқа» төсбелгiсiн тапсырды.
Салтанатты шара барысында облыстың шығармашылық ұжымы концерттiк бағдарлама ұсынып, мектеп оқушылары әрбiр әйелге гүл шоқтарын табыс еттi.
«Бұл шара отбасылық құндылықтарына арналған. Отан отбасынан басталады. Әрбiр қуатты, бiрлiгi жарасқан отбасы бiздiң елiмiздiң тiрегi. Отбасындағы басты құндылықтарды ұстап тұратын бұл әрине — ана. Ана — отбасының нәрi, гүлi, сәнi», — дедi еңбек ардагерi Қымбат Исманова.
Бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында 4,9 мың көп балалы ана тұрады. Оның 468-i «Батыр ана» мәртебесiне ие.
Кәсiпкер әйелдер атынан «Левин» ЖК директоры Елена Левина сөз сөйледi.
«Мен алты баланың анасы, үш немеренiң әжесiмiн. Кәсiпкерлiкпен айналысқаныма 25 жыл болды. Алайда, менiң жұмысым оларға лайықты тәрбие беруге еш кедергi жасаған емес», — дедi Елена Левина.
Жиын соңында облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов Отанға деген махаббатты, елге деген сүйiспеншiлiктi оятатын отбасы тәрбиесiнiң қоғамдағы рөлiнiң маңызына тоқталып өттi.