• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 37 әлеуметтік нысан ашылмақ 03.12.2016

Күн сайын облыста айтулы мереке қарсаңында ондаған шаралар өткізілуде. Мемлекет басшысының бекіткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу: еркіндік, бірлік, тұрақтылық, шығармашылық, өркендеу сияқты тұжырымдамасына сәйкес әрбір өткізілген іс шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтуда.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасы бастау алды. 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында 25 жұлдызды күн аясындағы шаралар Теуелсіздік жылдарында жеткен жетістігімізді баяндайды.

Осы кезеңде тек Ақтөбеде 37 өндірістік және әлеуметтік нысан ашылып,  200-ден астам ауқымды мәдени, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылады.


Back to the list