28.11.2016
Облыс әкімі өз сөзінде өткен ширек ғасыр еліміздің саяси және әлеуметтік жүйесінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық жүйесінде де белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу мен қалыптасу кезеңіне айналғанын атап өтті.
«Қазақстанның ұлттық валютасы біздің егемендігіміздің брендтерінің біріне айналды. Өзінің алғашқы қадамдарын жаңадан жасай бастаған елімізде теңге енгізілген сәтте осы маңызды міндетті сіздер орындап шықтыңыздар, құрметті ардагерлер. Солтүстік Қазақстан облысының қаржы органдары күнделікті ауқымды жұмысты жедел әрі сәтті орындап шықты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев уақытында тағайындаған комиссияның өз жұмысын толық әрі нақты орындап шыққанын атап өту қажет», - деді Е. Сұлтанов.
Теңгенің қалыптасуына куә болған осы саладағы ардагерлер облыстың банк жүйесінің дамуына қосқан үлесі, адал еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, қаржы институттарының 5 қызметкеріне алғыс хаттар табыс етілді, деп хабарлады өңір әкімдігі.