• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Президент Қазақстанның алға қарай үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз етуде – Мәжіліс Спикері 28.11.2016

Н. Нығматулин Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтті, оның айтуы бойынша, біздің еліміз көпжақты ынтымақтастық, бейбітшілік, қауіпсіздік құру және даму қағидаттарын ұстанатынын көрсетеді.

Мәжіліс Төрағасы АӨСШК форматында өңірлік проблемаларды формалды емес жағдайда талқылау және жалпы азиялық ынтымақтастықты дамыту үшін диалог форумын құру Қазақстан Президентінің идеясы екенін еске салды, ол бүгінде халық саны 3 млрд адамнан асатын 24 елді біріктіреді.

Мәжіліс Спикері форумға қатысушылардың назарын «Қазақстан-2050» стратегиясының міндеттерін орындауға да аудартты, онда еліміздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі мақсаты қойылған болатын.  


Back to the list